Қаржы министрлігі экспорт тауары мен импортқа трансферттік бақылау жасамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы министрлігі  экспорт тауары мен  импортқа трансферттік бақылау жасамақ

Қаржы министрлігі экспорт тауары мен импортқа трансферттік бақылау жасамақ

АСТАНА. 6 қараша . Kazakhstan Today. "Біз тек экспорт қана емес, импорттық тауарларға қатысты трансферттік келісімдерге бақылау жасау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз". Бұл жөнінде бүгін "Табиғи байлықты пайдаланушыларға салық салу мәселелері" атты "дөңгелек үстел" басында, ҚР қаржы министрлігі салық комитетінің аса ірі табиғи байлықты пайдаланушылармен жұмыс жөніндегі арнаулы бөлім бастығы Дәулет Ерғожин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 22 Қараша 2006
  • 448
Фото - Caravan.kz

Д.Ерғожиннің «сатып алынатын немесе Қазақстанға келетін импорт бағасының көтерілуіне байланысты шетелдіктердің , шетел инвесторларының қатысуымен өткізілетін сатып алуға қатысты нақты сауалдарымыз бар», деді.

«Кез-келген компанияның шығыны салық төлеу кезінде білінетіні белгілі және көптеген компаниялар-біз олардың мұны әдейі жасайды деп айтудан аулақпыз, дегенмен, ол тауар бағасын қымбаттатып, , салық салынатын базаны төмендетеді, бұл қауіп туғызатын жағдай»,-деді ол.

Бөлім бастығы «біз кеден комитетімен тиісті келіссөздер жүргіздік, толық түсіністік бар, енді олардың жүргізетін келесі тексерулері кезінде көмірсутекті немесе минералды шикізат, табиғи байлық экспортына ғана емес импорт бағасының да трансфертті жасалуы мәселесін қарастыратын боламыз. Салық көлемін азайтуға мүмкіндік беретін импорт бағасын да жіті тексереміз»,-деп атап өтті.

«Біздің қолымызда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жұмыс істейтін компанияларға қатысты мәліметтер бар, олар кейбір тауарларды нарықтық бағасынан он есе қымбат бағамен сатып алады»,-дейді Д.Ерғожин.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта