Қаржы министрлігі "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы министрлігі "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды

Қаржы министрлігі "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Парламент мәжілісінде бүгін қаржы және бюджет комитетінің ұйымдастыруымен "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болады, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қараша 2008
  • 486
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс депутаты Құрманғали Уәли жетекшілік еткен жұмыс тобы шеңберінде қарастырылған заң жобасының жұмыс тобында палатаның бірқатар Салалық комитеттерінің, Қазақстан қаржы Ассоциациясының, «Атамекен» экономикалық палатасының , тағы басқа бірқатар министрліктердің өкілдері бар.

Заң жобасының түсіндірме жазбасы бойынша, мемлекеттік кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді жеделдету және оңайлату мақсатында әрі халықаралық стандарттарға сәйкес заң жобасында шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік, ветеринариялық, санитарлық-карантиндік бақылауды және өсімдіктер карантині жөніндегі бақылауды жүзеге асыруды тек Қазақстан Республикасының кеден органына беру көзделеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар