Қаржы министрлігі зейнетақы қорларының кірісін арттыруға бірқатар шаралар қолданбақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы министрлігі зейнетақы қорларының кірісін арттыруға бірқатар шаралар қолданбақшы

Қаржы министрлігі зейнетақы қорларының кірісін арттыруға бірқатар шаралар қолданбақшы

2004-жылы қаржы министрлігі "мемлекеттік бағалы қағаздарды бірінші кезекте ішкі рынокқа шығармақшы". Бұл туралы бүгін, 5-ақпанда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР қаржы министрі Ерболат Досаев хабарлады.

  • 5 Ақпан 2004
  • 328
Фото - Caravan.kz

Министрдің түсініктемесіне жүгінсек, «әлемдік валюта нарығында қалыптасып отырған қазіргі ахуал зейнетақы қорларындағы валюталық тәуекелділікті азайтуға және олардың кірістілік деңгейін арттыруға шаралар қолдануды талап етеді. Бұл мақсат, министрдің айтуынша, үкіметтік берешек құрылымындағы сыртқы қарыз көлемін тұрақты қысқарту, сондай-ақ, бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымындағы сыртқы несие үлесін жыл сайын азайту арқылы шешіледі.

Е.Досаевтың атап көрсетуінше, 2003-жылы «корпоративтік бағалы қағаздар рыногі үшін бағыт-бағдар қалыптастыру үшін соңғы 6 жылда алғаш рет мемлекеттік бағалы қағаздарды 8-10 жылдық ұзақ мерзіммен 6,4 проценттен аспайтын кірістілік ставкасымен саудаға шығару шарасы жүзеге асырылды».

Соңғы жаңалықтар