Қаржы министрлігінде Қазақстан Даму банкін дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы министрлігінде Қазақстан Даму банкін дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылады

Қаржы министрлігінде Қазақстан Даму банкін дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылады

ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Қаржы министрлігіне Қазақстан Даму банкінің жұмыс тиімділігін талдау және оны дамыту шараларын жоспарлау жөніндегі арнаулы жұмыс тобын құруға тапсырма берді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Мамыр 2005
  • 472
Фото - Caravan.kz

Д.Ахметовтың пікірінше, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясын тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік банктің қадамдардын шектеп отырған кейбір тыйым шаараларын алып тастау керек.

Үкімет отырысында сонымен бірге Қазақстан Даму банкінің капиталын ұлғайту мәселесі сарапқа салынды. Соның ішінде банктің жобаларын, әсіресе лизингтік компания құру жобасын одан әрі жүзеге асыру үшін 30 млрд. теңге қажет. «Алайда жобалар қосымша сарапталып, оларды іске асырудың дәйекті тетіктері жасалады»,- деді үкімет басшысы.
Д.Ахметов еліміздегі қаржылық институттарды дамыту жөнінде нақты ұсыныстар жасай алмай отырған кейбір экономикалық мекемелердің жұмысына мін тақты.

Перейти к новостям спорта