Жарияланды: 430

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі маусымда 1,57 пайызға өсті

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі маусымда алдыңғы аймен салыстырғанда 1,57 % өсті.

Бұл Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды. Маусымда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 5 аукцион болды. Оларға 12 айлық МЕККАМ (14,8 млрд. теңге), 6, 11 және 13 жылдық МЕУКАМ (тиісінше 4,3 млрд. теңге, 8 млрд. теңге және 8 млрд. теңге), 9 жылдық МЕУЖКАМ (10 млрд. теңге) орналастырылды. Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік МЕККАМ бойынша - 1,67%, МЕУКАМ бойынша - 6 жылдықта 4 %, 11 жылдықта 4,93%, 13 жылдықта 5 %, МЕУЖКАМ бойынша - инфляция деңгейінен 0,01% жоғары болды. Бас банкирдің айтуынша, Ұлттық банк ноттары эмиссиясының көлемі мамырмен салыстырғанда маусымда 75,6% ұлғайып 454,4 млрд. теңге болды. Қысқа мерзімді ноттарының кірістілігі маусымда 1,31%-тен 1,10%-ға дейін төмендеді. Айналыстағы ноттардың көлемі маусымның аяғында мамырмен салыстырғанда 0,86%-ға өсіп 1330,6 млрд. теңге болды. Қаңтар-маусымда Ұлттық банк айналыс мерзімі 3 және 6 айлық қысқа мерзімді ноттарды шығарды. Екінші жартыжылдықта айналыс мерзімі 9 айлық қысқа мерзімді ноттарды қайта шығара бастайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін