Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі маусымда 1,57 пайызға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі маусымда 1,57 пайызға өсті

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі маусымда 1,57 пайызға өсті

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі маусымда алдыңғы аймен салыстырғанда 1,57 % өсті.

  • 5 Шiлде 2011
  • 413
Фото - Caravan.kz

Бұл Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Маусымда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 5 аукцион болды. Оларға 12 айлық МЕККАМ (14,8 млрд. теңге), 6, 11 және 13 жылдық МЕУКАМ (тиісінше 4,3 млрд. теңге, 8 млрд. теңге және 8 млрд. теңге), 9 жылдық МЕУЖКАМ (10 млрд. теңге) орналастырылды. Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік МЕККАМ бойынша — 1,67%, МЕУКАМ бойынша — 6 жылдықта 4 %, 11 жылдықта 4,93%, 13 жылдықта 5 %, МЕУЖКАМ бойынша — инфляция деңгейінен 0,01% жоғары болды.

Бас банкирдің айтуынша, Ұлттық банк ноттары эмиссиясының көлемі мамырмен салыстырғанда маусымда 75,6% ұлғайып 454,4 млрд. теңге болды. Қысқа мерзімді ноттарының кірістілігі маусымда 1,31%-тен 1,10%-ға дейін төмендеді. Айналыстағы ноттардың көлемі маусымның аяғында мамырмен салыстырғанда 0,86%-ға өсіп 1330,6 млрд. теңге болды.

Қаңтар-маусымда Ұлттық банк айналыс мерзімі 3 және 6 айлық қысқа мерзімді ноттарды шығарды. Екінші жартыжылдықта айналыс мерзімі 9 айлық қысқа мерзімді ноттарды қайта шығара бастайды.

Соңғы жаңалықтар