Қаржы нарықтарындағы капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған келісім мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы нарықтарындағы капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған келісім мақұлданды

Қаржы нарықтарындағы капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған келісім мақұлданды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 1 Маусым 2011
  • 412
Фото - Caravan.kz

2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде қол қойылған келісім Қазақстан, Беларусь Республикалары мен Ресей Федерациясы қаржы нарықтарында капиталдық еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, қаржы секторында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қамтиды. Келісімді іске асыру мақсатында тараптар банк саласында, валюта нарығында, бағалы қағаздар нарығында және сақтандыру саласында қажетті шараларды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқовтың айтуынша, келісім екі кезеңнен тұрады. Оның бірінші кезеңінде тараптардың уәкілетті органдары арасында тұрақты негізде бірқатар салада ақпарат алмасу шаралары ұйымдастырылады. «Екінші кезең халықаралық қағидалар мен стандарттарды ескере отырып, тараптардың түрлі салалардағы заңнамасын үйлестіру көзделеді. Оның ішінде қаржы нарығының қатысушыларына қойылатын лицензиялық талаптарды, сондай-ақ эмитентті тіркеу мемлекетінің реттеуші органының Бірыңғай экономикалық кеңістіктің бүкіл аумағында бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу шарттарымен бағалы қағаздарды орналастыру және айналысқа жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етеді», — деді Б. Тәжіяқов.

Соңғы жаңалықтар