Қаржы полицейлерінің Кәсіби этика кодексі қабылданды
Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі басшысы Рашид Түсіпбеков Кәсіби этика кодексін бекітті. |
Агенттік баспасөз қызмтінің сәрсенбі күнгі хабарламасына сүйенсек, «Кодекс қаржы полициясында қызмет ететін азаматтар үшін маңызды саналатын адамгершілік құндылықтарын, олардың міндеттері мен ұстанымдарын айқындайтын кәсіби-этикалық талаптардан құралған».
Құжатқа сәйкес, қаржы полициясы қызметкері Конституцияны, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерді бұлжытпай орындауға, азаматтар мен адамның ар-ожданын құрметтеуге міндетті. Сондай-ақ, ол мемлекетті, мемлекеттік билік пен қаржы полициясы органдарының атына кір келтіретін іс-әрекет жасамауы тиіс.
Сонымен қатар, құжатта жемқорлыққа қарсы кәсіби-этикалық мінез-құлық стандарттары көрсетілген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін