Қаржы полициясы 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының дирекциясы бастығына қатысты қылмыстық іс қозғады
ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Алматы қаласы бойынша департаменті «VІІ Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру жөніндегі комитетінің атқарушы дирекциясы» МКҚК директорына қатысты қылмыстық іс қозғады. |
Оған Қылмыстық кодекстің «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету» бабы бойынша айып тағылуда. Оған 2011 жылы мемлекеттiк функцияларды орындаушы уәкiл тұлға бола тұра, концерттiк бағдарламаны қаржыландыру сылтауымен 23 000 000 теңге бюджеттiк қаржыны ұрлады деген күдік келтіріліп отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін