«Шебер-маркет» компаниясында жұмыс істейтін жиырма төрт жастағы апалы-сіңлілі қыздар аталмыш компанияның еншілес кәсіпорны «Зер» ЖШС салып жатқан тұрғын үйді салуға үлес қосушыларды іздестірумен шұғылданған.
13-тамызда қыздар үлеспен пәтер сатып алуға бел байлаған адамды табады. «Зер» ЖШС-нің бас директоры мен әлгі адам аумағы 135,9 шаршы метрді құрайтын пәтерді 100 мың долларға сатып алу туралы келісім-шартына қол қояды. Келісімге сәйкес, сатып алушы ақшаны бірден төлеуге тиіс болған.
Сауда-саттық жайынан хабардар қыздар клиентпен хабарласады. Олардың бірі өзін фирманың есепшісімін деп таныстырып, клиентке компанияның есепшотын көрсетеді. Ақшаны кассаға өзім өткеремін деп уәде береді. Сөйтіп ірі көлемдегі ақшаны иемденіп алған қыздар іздерін жасырған.
Күдіктілер Астанада қолға түсіп, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.