Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 23-маусымда департамент қызметкерлері өзін «MERXIA» жылжымайтын мүлік агенттігі» ЖШС-нің риэлторымын деп таныстырып, тұрғындарды тақырға отырғызыпуды кәсіпке айналдырған бір әйелді ұстады. Ол тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында мемлекеттік мекемелерден пәтер бөлдіріп беруге жәрдемдесемін деген желеумен бір жәбірленушіден 1450 АҚШ доллары мен 6500 теңгені алдап алған.
Сол күні «MERXIA» жылжымайтын мүлік агенттігі» ЖШС-нің кеңсесіндегі тінту кезінде зардап шеккен адамдардың құжаттары мен 38 мың АҚШ доллары табылды. Сонымен бірге түрлі үйлер мен пәтерлердің схемалық жоспарлары табылған. Алаяқтар оларды қитұрқы әрекеттеріне азаматтарды сендіру үшін пайдаланған екен. Аталмыш дерек бойынша ЖШС директоры мен қызметкерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «Аса ірі көлемдегі аляқтық әрекет» туралы 117-бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер ұсталды.