Қаржы полициясы банк карточкаларын пайдаланып алаяқтық жасап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы банк карточкаларын пайдаланып алаяқтық  жасап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды

Қаржы полициясы банк карточкаларын пайдаланып алаяқтық жасап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды

Қаржы полициясының қызметкерлері банк карточкаларын пайдаланып алаяқтық жасап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қаржы полициясы Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Аталмыш қылмыстық топтың әрекетінен 800 мың теңгенің шығыны келген.

  • 5 Қараша 2003
  • 609
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлағанындай, 2003-жылдың 5-наурызында қылмыстық топ мүшелері қаладағы ірі дүкендердің бірінен 464 мың теңгенің тауарларын сатып алған. Алаяқтар эмитенті «Казкоммерцбанк» ААҚ болып табылатын жасанды «Master Card Gold» атты банк карточкасын пайдаланып қолма-қол ақша алған көрінеді.

Сондай-ақ, 2003-жылдың 3-маусымында аталмыш қылмыстық топтың мүшелері тағы да жасанды банк карточкасын пайдаланып, Алматыдағы маңдай алды қонақүйлердің біріндегі казинодан 2 мың АҚШ долларын қолма-қол алған.
Аталмыш деректер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 177 -бабы, 2-бөліміне (алаяқтық) және 207-бабының 1-бөліміне (жасанды төлем карточкасын жасап пайдалану ) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Осы іске қатысты үш күдікті ұсталды. Ал төртінші күдікті іздестірілу үстінде. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар