Caravan Logo

Қаржы полициясы банк карточкаларын пайдаланып алаяқтық жасап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды

Қаржы полициясы банк карточкаларын пайдаланып алаяқтық  жасап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды

Баспасөз қызметінің хабарлағанындай, 2003-жылдың 5-наурызында қылмыстық топ мүшелері қаладағы ірі дүкендердің бірінен 464 мың теңгенің тауарларын сатып алған. Алаяқтар эмитенті "Казкоммерцбанк" ААҚ болып табылатын жасанды "Master Card Gold" атты банк карточкасын пайдаланып қолма-қол ақша алған көрінеді.

Сондай-ақ, 2003-жылдың 3-маусымында аталмыш қылмыстық топтың мүшелері тағы да жасанды банк карточкасын пайдаланып, Алматыдағы маңдай алды қонақүйлердің біріндегі казинодан 2 мың АҚШ долларын қолма-қол алған.
Аталмыш деректер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 177 -бабы, 2-бөліміне (алаяқтық) және 207-бабының 1-бөліміне (жасанды төлем карточкасын жасап пайдалану ) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Осы іске қатысты үш күдікті ұсталды. Ал төртінші күдікті іздестірілу үстінде. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.