Қаржы полициясы: «Б.Жұмағұлов қақатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ» - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы: «Б.Жұмағұлов қақатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ»

Қаржы полициясы: «Б.Жұмағұлов қақатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ»

Қаржы полициясы бюджеттен Білім министрлігіне бөлінген қыруар қаржының ұрлануына байланысты қозғалған қылмыстық істі тергеуді    жалғастыруда. Айта кетейік, осы ведомстваның вице-министрі Саят Шаяхметов 1 жарым млрд. теңгені қымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді. Көп ұзамай министрдің өзі аяқ-асты қызметінен кетті. Кейін орынбасарының былығына қатысты Бақытжан Жұмағұлов тұтқындалыпты деген мәліметтер шыға бастаған болатын.

  • 3 Қазан 2013
  • 342
Фото - Caravan.kz


Алайда бүгін қаржы полициясы ел ішін кеулеп кеткен ақпаратты жоққа шығарып, бұрынғы білім министрі Бақытжан Жұмағұловқа қатысты ешқандай қылмыстық істің қозғалмағанын ресми түрде мәлімдеді. Бірақ Жұмағұлов ың-шыңсыз орнынан кеткенімен былығы  әлі ашылып жатыр. Жақында депутаттар электрондық оқулыққа деп бөлінген миллиардтаған теңгенің желге ұшқанын біліп, жағаларын ұстаған еді. Ал Өскемендегі кәсіптік мектептің құрылысына бөлінген ақшаны қалтаға басты деп айыпталған вице-министр Саят Шаяхметовке қатысты жақында сот отырысы басталмақ. Талай сорақылықтың көкесі сонда ашылуы ықтимал.