Қаржы полициясы мемлекетке ірі көлемде салық төлемей жалтарып келген "Әсем" ЖШС жетекшілерінің қылмысын әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы мемлекетке ірі көлемде салық төлемей жалтарып келген    "Әсем" ЖШС жетекшілерінің қылмысын әшкереледі

Қаржы полициясы мемлекетке ірі көлемде салық төлемей жалтарып келген "Әсем" ЖШС жетекшілерінің қылмысын әшкереледі

Алматы қаласы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаменті 2002- жылдан бері мемлекетке 310 665 959 теңге көлемінде салық, айыппұл және пеня түріндегі төлемдерді төлемей келген "Әсем" ЖШС жетекшісіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін, 4-мамырда өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаменті төрағасының орынбасары Ержан Қалқабаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Мамыр 2005
  • 437
Фото - Caravan.kz

Е.Қалқабаевтың айтуынша, тергеу нәтижесінде фирма жетекшісі Талғат Қожабеков деген азаматқа қатысты ҚР қылмыстық кодексінің салық төлеуден жалтару жөніндегі 222 және бухгалтерлік есеп беру ережелерін бұзу жөніндегі 218 баптары бойынша іс қозғалды. Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, Т.Қожабеков полицияның шақыруына келмей, қашып үлгерген. Қазір оның бой тасалап жүрген жері белгісіз. Оны ңорынбасарлады да табылмай отыр. Салықтан жасырылған қаржы «Әсем» ЖШС-нен жалған кәсіпорындардың есебіне аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылып отырған.

Қаржы полициясы осындай жалған фирмалардың жетекшісі Аркадий Осиповты қамауға алды. Тұтқындау сәтінде одан 100 мың АҚШ доллары мен 70 мың теңге көлемінде ақша тәркіленсе, оның үйіндегі тінту кезінде тағы 90 мың АҚШ доллары мен 2 млн. теңге, сондай-ақ, «Глория коммерц» , «Корпорация Саналюкс», «Алькор» сияқты жалған фирмалардың құрылтайшылық, бухгалтерлік, банк және басқа да есеп құжаттары мен мөрлері, нотариустардың мөр-таңбалары табылған. Сонымен бірге тіркеуде жоқ ТТ маркалы тапанша мен 36 оқ табылды. Қазір қаржы мен қарудың қандай мақсатқа арналғаны анықталу үстінде.

Перейти к новостям спорта