Қаржы полициясы "СолДат" газетінің құрылтайшысына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап сотқа жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы "СолДат" газетінің құрылтайшысына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап сотқа жіберді

Қаржы полициясы "СолДат" газетінің құрылтайшысына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап сотқа жіберді

Алматы қалалық қаржы полициясы департаменті "СолДат" газетінің құрылтайшысы Ермұрат Бапиға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап сотқа жіберді. Бұл туралы қалалық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен 29-қыркүйекте таратылған хабарламада айтылған.

  • 29 Қыркүйек 2003
  • 574
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, Алматы қалалық қаржы полициясы департаменті ҚР Қылмыстық Кодексінің «Бухгалтерлік есеп жүргізу тәртіптерін бұзу» жөніндегі 218-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғаған болатын. Тексеру нәтижесінде белгілі болғанындай, «СолДат тәуелсіз газетінің редакциясы» ЖШС бюджетке төленетін салық пен нақты шығын көлемін жасыру мақсатымен бухгалтерлік есеп жүргізуден жалтаруға жол бергені анықталды. Салық тексеруі жөніндегі құжат бойынша ЖШС 31,5 млн. теңгенің салығын төлеуден жалтарған.

Сондай-ақ, салық төлеуден жалтару үшін Е.Бапи бұл ЖШС-ін бөтен адамдардың атына тіркегені мәлім болды. Құжаттардағы олардың қолы жалған болып шықты.
Өздерінің атын айтпай жамылып, ЖШС-ін тіркегені жөнінде аталмыш адамдар қаржы полициясы департаментіне шағым түсірген. Олардың бұл уәжі құжаттарға қойылған қолға сараптама жүргізу нәтижесінде дәлелденіп отыр.
Аталмыш қылмыстық іс бойынша тергеушілер жұмысы аяқталу нәтижесінде Е.Бапиға ҚР Қылмыстық Кодексінің жалған кәсіпкерлік жөніндегі №192-бабы, бухгалтерлік есеп жүргізуден жалтару жөніндегі №218-бабы, салық төлеуден жалтару жөніндегі №222 бабының 1-бөліміне сәйкес қылмыс жасады деген айып тағылды.

Соңғы жаңалықтар