Қаржы полициясы Таразда ойын бизнесінің екі «нүктесін» жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы Таразда ойын бизнесінің екі «нүктесін» жойды

Қаржы полициясы Таразда ойын бизнесінің екі «нүктесін» жойды

Қаржы полициясы Таразда ойын бизнесінің екі «нүктесін» жойды, деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.

  • 14 Желтоқсан 2012
  • 300
Фото - Caravan.kz

«Қаржы полициясының департаментіне «Сонет» сауда үйінде және «БУЗ» дәмханасында ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңы бұзылып, ақшалай ұтыстарды беретін ойын автоматтарының залдары қызмет етіп отырғаны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері облыстық ІІД-нің «Арлан» арнайы жасағымен бірге «Сонет» сауда үйінің ойын автоматтары залында бақылаулық сатып алуды өткізді. Сатып алушы оператордан ойын автоматын 2 мың теңгеге толтыруды, біраз уақыт ойнаған соң, ол жеңіп алған 3 мың теңгені шешіп беруді сұрады, осылайша ұтыс сомасы 1 мың теңгені құрады. Оператор ұтыс сомасын берді», — делінеді облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметінен.

«Сонет» СҮ-де түрлі атаулардағы 31 ойын автоматы, сегіз орындық екі «The American Roulette» ойын рулеткалары, сондай-ақ 35 мың теңге көлеміндегі ақша алынды. «БУЗ» дәмханасында түрлі атаулардағы 30 ойын автоматы, сегіз орындық екі «The American Roulette» ойын рулеткалары, сондай-ақ 64 мың теңге мен 300 АҚШ доллары көлеміндегі ақша алынды.

Аталған фактімен қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық қаржы полициясынан.