Қаржы полициясының Ақмола облыстық департаменті өзін Дүниежүзілік банкінің өкілі ретінде таныстырып жүрген алаяқты қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясының Ақмола облыстық департаменті өзін Дүниежүзілік банкінің өкілі ретінде таныстырып жүрген алаяқты қолға түсірді

Қаржы полициясының Ақмола облыстық департаменті өзін Дүниежүзілік банкінің өкілі ретінде таныстырып жүрген алаяқты қолға түсірді

Қаржы полициясының Ақмола облыстық департаменті өзін ҚР Дүниежүзілік қайта құру және даму банкінің бағдарламаларын жүзеге асырушы жұмыс тобының өкілі ретінде таныстырып, жұртты алдап ақша алып жүрген алаяқты қолға түсірді. Бұл туралы ҚР қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Шiлде 2003
  • 461
Фото - Caravan.kz

Алаяқтың өз сыбайластарымен бірге адамдарды алдауды екі жылдан бері кәсіпке айналдырғаны мәлім болды. Бүгінге дейін оның қитұрқы әрекетінің құрбанына айналған 18 адам анықталды. Ондай адамдар тек Ақмола облысының ғана емес, Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан да табылып отыр. Алаяқтың адамдарға келтірген зардап-шығын мөлшері 873 мың теңгеге жетті.

Атап айтсақ, ол адамдарды алдап-арбау және сеніміне кіру арқылы ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің жасанды қызмет куәлігін пайдалану жолымен бөгденің мүлкін иемденіп алу үшін бір шаруа қожалығының басшысымен келісім шартқа отырғаны анықталды. ҚР дүниежүзілік даму банкнінің желісімен несие алып беруге құжат рәсімдеу ақысына ол шаруа қожалығынан 28 мың теңге алған.
Қаржы полициясы агенттігінде атап көрсеткеніндей, алаяқ өз құрбандарын алдап соғу үшін Қазақстан аумағында да, басқа қандай елде де тіркелмеген жер бетінде із-түзі жоқ ҚР дүниежүзілік даму банкі деген жалған банктің атын ойлап тапқан.
ҚР қылмыстық Кодексінің 177-бабы, 2-тармағы, 6-бөлімінде көрсетілген «бір емес бірнеше мәрте алаяқтық жасау» жөніндегі қылмысқа барған деген күдікпен әлгі адам Көкшетау қалалық ІІБ-ның уақытша тергеу қапасына қамалды.

Соңғы жаңалықтар