«17 мамырда агенттік қызметкерлері сот органдарының қызметкерлерінің атына кір келтіретін материалдарды беруі үшін қаржы полициясының жауапты қызметкеріне жалпы көлемі 1600 АҚШ доллары мен 50 мың теңге беріп жатқан кезде «Антикоррупционный вестник» республикалық құқықтық газетінің бас директоры Тоқберген Әбиев қамауға алынды», — деп хабарлайды қаржы полициясы.
«Бұл оқиға бойынша сол күні тергеу департаменті Т. Әбиевке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 312 бабы 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Сол күні ол Астана қалалық ІІД уақытша тергеу изоляторына қамалды», — деп атап көрсетті агенттік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті