Қаржы полициясының Қызылорда облыстық департаменті жыл басынан бері 190 қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясының Қызылорда облыстық департаменті жыл басынан бері 190 қылмыстық іс қозғады

Қаржы полициясының Қызылорда облыстық департаменті жыл басынан бері 190 қылмыстық іс қозғады

Қаржы полициясының Қызылорда облыстық департаменті экономика және қаржы саласындағы қылмыс және құқық бұзушылықпен , әсіресе аталмыш салалардағы жемқорлықпен күреске күш салуда.

  • 5 Маусым 2003
  • 582
Фото - Caravan.kz

Қаржы полициясының Қызылорда облыстық департаментінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, департамент қызметкерлері жыл басынан бері 190 қылмыстық іс қозғаған. Әшкереленген қылмыстар бойынша жәбірленушілердің шеккен шығын көлемі 21,9 миллион теңгені құрап, оның 84 проценті, яғни, 18,4 миллион теңгесі өндіріп алынды.

Жыл басынан бері салық заңын бұзу фактісі бойынша 10 қылмыстық іс, ал бюджеттік саладағы құқық бұзушылық деректері бойынша 57 қылмыстық іс қозғалған.
Үстіміздегі жылдың бес айында заңсыз айналымнан 4,9 миллион теңгенің акциздік тауары алынды. Соның ішінде, 3,7 миллион теңгенің 24982 литр спиртті өнімі, жалпы сомасы 748 мың теңгеге бағаланған 1658 литр этил спирті, құны 173 мың теңгенің 3010 қорап темекі өнімдері, 346,6 мың теңгенің басқа да акциздік тауарлары тәркіленді.