Қаржы схемасын құрып, 222 млн теңгені жымқырған қарағандылық әйел сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы схемасын құрып, 222 млн теңгені жымқырған қарағандылық әйел сотталды

Қаржы схемасын құрып, 222 млн теңгені жымқырған қарағандылық әйел сотталды

Қарағанды облысында қаржы пирамидасын құрып, тұрғындарды алдаған күдіктіге сот үкімі шықты.

  • 23 Қараша 2022
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы taunews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қарағанды мен Теміртау аумағында қаржы пирамидасын құру фактісін анықтады.

2020 жылы күдікті Гүлзат Нарымбетова жеке кәсіпкер ретінде бұрын жалға алынған кеңсе үй-жайын пайдаланып, кәсіпкерлік қызметпен айналыспай, халыққа әртүрлі сылтаулармен тауарлардың бар екенін айтып, мемлекеттік сатып алуға қатысатыны туралы жалған ақпарат беріп, ақша алып отырған.

Мәселен, Гүлзат Нарымбетова 2020 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде қаржы схемасын құрды. Онда тартылған ақша бойынша кіріс оларды пайдалы активтерге салу есебінен емес, жаңа инвесторлардан 200 мың теңгеден 25 млн теңгеге дейінгі сомадағы қаражатты тарту есебінен салым сомасының 10%-дан 40%-на дейінгі мөлшерде төленетінін айтқан. Залал сомасы 222 млн теңгеден асқан. Оның 131 млн теңгесін сотталушы өз еркімен өтеді, –  деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен Гүлзат Нарымбетова кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.


«Ол желілік маркетингпен және қазақстандықтардың қаражатын тартумен байланысты кәсіпкерлік және қаржылық қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айырылды. Сотталушы жазасын ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді», –  делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар