Жарияланды: 530

Қаржылық бақылау агенттігі екінші деңгейлі банктердің сырттан несие алуын шектеу жұмыстарын одан әрі жалғастырады - Бахмутова

Астана. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агентті екінші деңгейлі банктердің сырттан несие алуын шектеу жұмыстарын одан әрі жалғастырады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттінің іс- қызметі мемлекеттік реттеуді жетілдіру аясында мынадай бағыттарға шоғырланады. Екінші деңгейлі банктердің сырттан несие алуын шектеу жұмыстары одан әрі жалғасады, атап айтсақ, олардың капиталына қойылатын талаптарды күшейту құралдарына назар аударылады. Шектеулер банктердің сыртқы берешекті қайтару үшін қайта қаржыландыру тәуекеліне бейімдігін төмендету үшін енгізілмек. Сыртқы міндеттемелер бойынша қатаң талаптар қойылумен бірге, банктердің қор базасын әртараптандыруға шаралар қолданылады. Ондағы мақсат - олардың құрылымындағы депозиттердің үлесін ұлғайту, соның ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін ұлғайту және екінші деңгейлі банктердің "көтерме көлемде" қаржыландырудан тәуелділігін қысқарту", - деді Е. Бахмутова. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін