Қаржылық бақылау агенттігі екінші деңгейлі банктердің сырттан несие алуын шектеу жұмыстарын одан әрі жалғастырады - Бахмутова (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржылық бақылау агенттігі екінші деңгейлі банктердің сырттан несие алуын шектеу жұмыстарын одан әрі жалғастырады - Бахмутова (толық нұсқасы)

Қаржылық бақылау агенттігі екінші деңгейлі банктердің сырттан несие алуын шектеу жұмыстарын одан әрі жалғастырады - Бахмутова (толық нұсқасы)

Астана. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агентті екінші деңгейлі банктердің сырттан несие алуын шектеу жұмыстарын одан әрі жалғастырады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Қараша 2008
  • 682
Фото - Caravan.kz

«Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттінің іс- қызметі мемлекеттік реттеуді жетілдіру аясында мынадай бағыттарға шоғырланады. Екінші деңгейлі банктердің сырттан несие алуын шектеу жұмыстары одан әрі жалғасады, атап айтсақ, олардың капиталына қойылатын талаптарды күшейту құралдарына назар аударылады. Шектеулер банктердің сыртқы берешекті қайтару үшін қайта қаржыландыру тәуекеліне бейімдігін төмендету үшін енгізілмек. Сыртқы міндеттемелер бойынша қатаң талаптар қойылумен бірге, банктердің қор базасын әртараптандыруға шаралар қолданылады. Ондағы мақсат — олардың құрылымындағы депозиттердің үлесін ұлғайту, соның ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін ұлғайту және екінші деңгейлі банктердің «көтерме көлемде» қаржыландырудан тәуелділігін қысқарту», — деді Е. Бахмутова.

Қаржылық бақылау агенттігі сонымен бірге банк секторының вактивтерінің сапасын бағалаудың қазіргі тәртіптерін жетілдірмекші. Ол «лайықты көлемде провизия жасауға, соның ішінде несиені алушылардың банк алдындағы берешегін толық көлемде және дер кезінде қайтара алу қабілетін көрсететін қосалқы факторлардың қабылдауы мен олардың әсерін ескере отырып провизия жасауға бағытталады».

«Іс-қызметтің тағы бір бағыты — қаржылық ұйымдардағы тәуекел-менеджмент жүйесі мен ішкі бақылауды жетілдіру. Атап айтсақ, ақшасыз қалу тәуекелін басқаруға қосымша талаптар қойылып, банктерге стресс-тестинг жүргізуге қатысты көзқарас күшейтіледі. Осы орайда банктердің активтері мен пассивтерін басқарудың ішкі модельдері стресті жағдайларды ескеретін болуға тиіс», — деді Е.Бахмутова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар