Қаржылық бақылау агенттігіне қаржылық ұйымдардың іс-қызметіне олар нормативтерді бұзбай тұрып араласу құқығы берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржылық бақылау агенттігіне қаржылық ұйымдардың іс-қызметіне олар нормативтерді бұзбай тұрып араласу құқығы берілді

Қаржылық бақылау агенттігіне қаржылық ұйымдардың іс-қызметіне олар нормативтерді бұзбай тұрып араласу құқығы берілді

Алматы. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігіне қаржылық ұйымдардың іс-қызметіне олар нормативтерді бұзбай тұрып араласу, ерте бастан жауап қатуға заңнамалық құқық берілді. Бұл туралы бүгін агенттік төрағасының орынбасары Алина Алдамберген брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Қазан 2008
  • 443
Фото - Caravan.kz

«Кеше мәжілісте қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы мақұлданды. Өзгерістердің басты идеясы біздің компаниялар өздеріне қатысты басты нормативтерді, яғни, пруденциалдық нормативтерді бұзбай тұрып шара қолданып, жауап қату мүмкіндігі берілгендігіне саяды»,- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар