Жарияланды: 890

Қаржылық лизинг мәселесіне қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы сенаттың түзетуімен мәжіліске кері қайтарылды

Бүгін, 29-қаңтарда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары қаржылық лизинг мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын екінші оқылымда талқылады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

Заң жобасы арқылы Азаматтық, Азаматтық-процессуалдық кодекстер мен "Қаржылық лизинг туралы" заңға түзетулер енгізілмекші. Бұл заң жобасы бойынша атап айтсақ, ҚР Азаматтық Кодексіне енгізілген толықтыруға сәйкес лизинг жөніндегі келісім-шартының жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін заңдық актілермен айқындауға мүмкіндік жасалады. ҚР азаматтық процессуалдық Кодексіне енгізілетін толықтырулар лизинг алушы алаяқтыққа барған жағдайда лизинг беруші үшін лизингіге берілген бұйымды ешбір дау-дамайсыз талап ету құқығын заңдастырады. Сондай-ақ, лизинг алушы банкроттыққа ұшыраған, тұтқындалған немесе оның мүлкі тәркіленген жағдайда кәсіпорынды жою немесе оны сауықтыру шаралары барысында лизинг берушінің өз мүлкін кері қайтарып алуын қамтамасыз ететін өзгертулер енгізіледі. Негізінен заң жобасының мәтініне редакциялық өзгертулер енгізу сипатындағы түзетулермен қоса жоба мәжіліске кері қайтарылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін