«Алатау» сауда үйінің алдына жиналғандардың алдына «Казросинвестпроект» ШНМ ЖШС инвесторларының біреуі — Бақыт Әділова шығып, жұртшылықтан сабырлық пен қоғамдық тәртіпті сақтауларын сұрады.
«Барлық қаражат қайтарылып беріледі. Құқық қорғау органдары қаржылық құжаттарды қайтарып берген бойда, төлеуді бастаймыз», — деді Б. Әділова
Бұрын хабарланғандай, фирманың есепшоттары қамауға алынды. Көңілдері күпті салымшылар кеңседен кетер емес, ғимарат жанында кезекте тұрып, прокуратураға фирманың жұмысына кедергі келтірмеулерін сұрап өтініш жазуда.
Мекеме басшыларына қатысты ҚР ҚК 177 бабы, 2-ші тармағы, «А» тармақшасы (алдын ала келісіп топ болып алаяқтық жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Түнде ІІД тергеу тобы оқиға орнын тексеріп шығып, кейін жауынгерлерімен «тірі дәліз» құрған полицияның кешенді күштерінің көмегімен ғимараттан құжаттар мен ақшасы бар сейфті алып кетті.