Қаржылық қадағалау агенттігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Альянс банктің директорлар кеңесін басқаратын болды
Альянс банктің директорлар кеңесінің төрағасы болып Алина Алдамберген сайланды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметінен. Бұл шешім 10-маусымда банктің директорлар кеңесінің отырысында қабылданған. А.Алдамберген бұл орынға Айдан Кәрібжановтың орнына келді. Бұл тағайындалуға дейін ол таратылған қаржылық қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін