Қашаған кенішін игеруші BG тобы акционерлерінен үлестің 50 процентін сатып алу туралы келісімге Қазақстан 30-наурызда қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашаған кенішін игеруші BG тобы акционерлерінен үлестің 50 процентін сатып алу туралы келісімге Қазақстан 30-наурызда қол қояды

Қашаған кенішін игеруші BG тобы акционерлерінен үлестің 50 процентін сатып алу туралы келісімге Қазақстан 30-наурызда қол қояды

Каспий теңізіндегі Қашаған кенішін игеруші BG тобы акционерлерінен үлестің 50 процентін (акциялардың 8,33 процентін) сатып алу туралы келісімге Қазақстан 30-наурызда қол қояды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне BG тобындағы ақпарат көзі хабарлады.

  • 29 Наурыз 2005
  • 405
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің хабарлауынша, сатып алынатын үлес құны 630 млн. долларды құрамақ. Акциялардың қалған 8,33 процентін Agip KCO консорциумының акционерлері өзара бөлісіп алады, дейді ақпарат көзі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ұлыбританияның BG тобы Қашаған жобасындағы 16,67 проценттік өз үлесін сатуға ниет білдіріп, оны жобаға қатысушы италиялық Eni, Ұлыбритания мен Голландия біріккен Royal Dutch/Shell, францияның Total, американдық Exxon Mobil және ConocoPhillips, сондай-ақ, жапониялық Inpex компанияларға бөліп беруге ұсыныс жасаған.
Қашаған кенішін игеру жобасының операторы болып табылатын Agip KCO консорциумына BG Group, Exxon Mobil, Inpex Masela Ltd., Phillips, Shell және TotalFinaElf компаниялары біріккен. Қашаған кенішіндегі алғашқы мұнай Восток-1 ұңғысында 2000-жылдың жазында табылды. Кеніштегі дәлелденген мұнай қоры 11 млрд. баррельді (1,5 млрд. тонна) құрайды. Agip KCO Қашаған кенішінде өнеркәсіптік мұнай өндіре бастау мерзімін 2007-жылға межелеп отыр.

Перейти к новостям спорта