Қашаған кенішін игеруші BG тобы акционерлерінен үлестің 50 процентін сатып алу туралы құжаттарға 27-сәуірде Астанада қол қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашаған кенішін игеруші BG тобы акционерлерінен үлестің 50 процентін сатып алу туралы құжаттарға 27-сәуірде Астанада қол қойылады

Қашаған кенішін игеруші BG тобы акционерлерінен үлестің 50 процентін сатып алу туралы құжаттарға 27-сәуірде Астанада қол қойылады

Қашаған кенішін игеруші BG тобы акционерлері үлесінің 50 процентін Қазақстан сатып алғаны туралы құжаттарға 27-сәуірде Астанада қол қойылады. Бұл туралы бүгін, 20-сәуірде өткен мәжілістің жалпы отырысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Сәуiр 2005
  • 420
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 30-наурызда ҚР үкіметі, республиканың энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ Солтүстік Каспий жобасы бойынша Қазақстанның ҚазМұнайГаз компаниясының атына BG тобынан 8,33 проценттік үлесін сатып алу туралы келіссөздерді табысты аяқтады. Солтүстік Каспий жобасына бұған дейін BG тобымен бірге әрқайсысы 16,67 проценттік үлеспен ENI, Total, ExxonMobil, Shell, сондай-ақ, әрбіреуі 8,33 проценттік үлеспен Inpex және ConocoPhillips компаниялары қатысып келген.

Ал BG тобының үлесін Қазақстан сатып алғаннан кейін жобаға қатысушылар үлесі мынадай сипатқа ие болды: ENI (Солтүстік Каспий жобасының біртұтас операторы), Total, ExxonMobil, Shell (әрбіреуінің үлесі 18,52%-ке тең), ConocoPhillips (9,26%), Inpex және ҚазМұнайГаз (әрбіреуінің үлесі 8,33%-тен).
Ұлыбританияның BG тобы Қашаған жобасындағы 16,67 проценттік өз үлесін сатуға 2003-жылы ниет білдіріп, оны жобаға қатысушы италиялық Eni, Ұлыбритания мен Голландия біріккен Royal Dutch/Shell, францияның Total, американдық Exxon Mobil және ConocoPhillips, сондай-ақ, жапониялық Inpex компанияларға бөліп беруге ұсыныс жасаған.
BG тобы 7-сәуірде таратқан хабарламаға сәйкес, үлесті жобадағы әріптестері болып табылатын италияның ENI, францияның Total, американдық Exxon Mobil және ConocoPhillips компанияларына сату арқылы 1,8 млрд. доллар қаржы тапты.
Қазақстанның ҚазМұнайГаз компаниясының атына BG тобынан 8,33 проценттік үлесін сатып алу құны жоғарыда аталған қаржының тең жартысын құрады. Оған үлестің өз құнына қоса BG тобы мердігерлік компаниялармен сатып алу туралы келісімге қол қойған сәттен бастап жұмсап келген басқа да ағымдағы шығындар қамтылады.
Ал акцияларды сатып алу туралы келісімге қол қоймай тұрын ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник «BG акцияларының 16,67 проценттік қоржынының нарықтағы құны 1,23 млрд. долларды құрайды, демек, сатып алынатын акциялар қоржыны 615 млн. доллар тұрады» деп мәлімдеген болатын.
Қашаған кенішіндегі алғашқы мұнай Восток-1 ұңғысында 2000-жылдың жазында табылды. Кеніштегі дәлелденген мұнай қоры 11 млрд. баррельді (1,5 млрд. тонна) құрайды. Agip KCO Қашаған кенішінде өнеркәсіптік мұнай өндіре бастау мерзімін 2007-2008 -жылдарға межелеп отыр.

Перейти к новостям спорта