Қашаған кенішінде мұнай өндіре бастауды 2007-жылға дейін кейіндету туралы ақырғы шешім бүгін қабылдануы мүмкін - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашаған кенішінде мұнай өндіре бастауды 2007-жылға дейін кейіндету туралы ақырғы шешім бүгін қабылдануы мүмкін - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі

Қашаған кенішінде мұнай өндіре бастауды 2007-жылға дейін кейіндету туралы ақырғы шешім бүгін қабылдануы мүмкін - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі

"Қашаған кенішін игерумен айналысып жатқан барлық мердігерлік ұйымдардың өкілдері Лондонда бас қосып кеңес өткізуде, соның нәтижесінде бұл мәселе бүгін шешіледі дегенге сенемін". Бүгін, 21-қарашада Алматыда өткен қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник осындай мәлімдеме жасады.

  • 21 Қараша 2003
  • 513
Фото - Caravan.kz

В.Школьниктің айтуынша, «Қашаған жобасына қатысты барлық ақпаратты мен Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімге сәйкес БАҚ-тарға барлық мердігерлік ұйымдардың тек жазбаша рұқсаты негізінде ғана хабарлай аламын. Қазір тек мынаны ғана айта аламын : Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімге сәйкес 2005-жылдың соңына межеленген коммерциялық мақсатта мұнай өндіруді қолға алу мерзімі бірқатар обьективті себептермен шегерілуге байланысты қазір келіссөздер жүргізілуде».

Мерзімнің шегерілу себебіне түсініктеме берген В.Школьник : «мұнай белгіленген мерзімнен кешеуілдеп табылуына байланысты алғашқы ұңғыны бұрғылау жұмыстары да тежелді. Осындай кешеуілдеу жағдайының болу мүмкіндігі туралы Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім баптарында алдын-ала қарастырылған. Қазір біз жұмыс барысын тоқтатпай-ақ келіссөздер жүргізіп жатырмыз, жоба жалғасын табуда»,- деді.
В.Школьник «мерзімді шегеру жөніндегі баптардың дәл қайсысы, қалай қолданылады деген мәселе көп кешікпей шешімін табады » дегенге сенім білдірді. Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім баптарында белгіленгеніндей, өтемақы мөлшері 50 млн. доллардан бастап 100 млн. долларға дейін өседі, ал мерзім тіптен кешеуілдеп жатса сол шамаға сәйкес өтемақы 150 млн. долларға дейін жетеді, деді министр. «Қазір мұнай өндіре бастау мерзімін 1,5 жылға шегеру мүмкіндігі туралы сөз болып жатыр»,- деді В.Школьник.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осы аптаның басында Agip KCO Қашаған кенішінде мұнай өндіре бастау мерзімін 2007-жылға дейін шегеруге келісім беруге байланысты шығынның өтемі ретінде 150 млн. доллар ұсынған болатын.
Ал Agip KCO консорциумы мен ҚР үкіметі арасындағы келісім шартына сәйкес, Қашаған кенішінде мұнай өндіру жұмысы 2005-жылы басталуы тиіс.
Agip KCO консорциумына BG Group, Exxon Mobil, Inpex Masela Ltd., Phillips, Shell және TotalFinaElf компаниялары біріккен. Қашаған кенішіндегі алғашқы мұнай Восток-1 ұңғысында 2000-жылдың жазында табылды. Кеніштегі дәлелденген мұнай қоры 11 млрд. баррельді құрайды.

Соңғы жаңалықтар