Қашаған жобасы бойынша түбегейлі келісімдерге 31 қазанда қол қою жоспарлануда - Мыңбаев
Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қашаған жобасы бойынша түбегейлі келісімдерге 31 қазанда қол қою жоспарлануда. Мұндай пікірді бүгін ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев журналистерге берген сұхбатында білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Біз барлық мәселелер бойынша келісімге келдік, аптаның аяғына таман қол қоюды жоспарлап отырмыз, яғни, біз қазір келіссөздер жүргізіп жатқамыз жоқ, уағдаластық жасалды", - деді С. Мыңбаев.
"Ауқымды төрт келісімге қол қойылады, олардың барлығы да дәйектеліп, келісілді. Жұма күні қол қойылады деп 99% сеніммен айта аламын", -деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін