Қашаған жобасы бойынша түбегейлі келісімдерге 31 қазанда қол қою жоспарлануда - Мыңбаев (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашаған жобасы бойынша түбегейлі келісімдерге 31 қазанда қол қою жоспарлануда - Мыңбаев (толық нұсқасы)

Қашаған жобасы бойынша түбегейлі келісімдерге 31 қазанда қол қою жоспарлануда - Мыңбаев (толық нұсқасы)

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қашаған жобасы бойынша түбегейлі келісімдерге 31 қазанда қол қою жоспарлануда. Мұндай пікірді бүгін ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев журналистерге берген сұхбатында білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Қазан 2008
  • 456
Фото - Caravan.kz

«Біз барлық мәселелер бойынша келісімге келдік, аптаның аяғына таман қол қоюды жоспарлап отырмыз, яғни, біз қазір келіссөздер жүргізіп жатқамыз жоқ, уағдаластық жасалды», — деді С. Мыңбаев.

«Ауқымды төрт келісімге қол қойылады, олардың барлығы да дәйектеліп, келісілді. Жұма күні қол қойылады деп 99% сеніммен айта аламын», -деді министр.

«Әзірге өзгерген ештеңе жоқ, кенішті өнеркәсіптік игеру мерзімі — 2013 жылдың қазаны. Бюджет шілдеде келісілген көлемде қалды, қосылған ештеңе жоқ», -деді министр.

Ол мұнай өндіріле бастағанға дейін Eni компаниясы жобаның операторы болатынын, одан әрі бірлескен операциялық компания құрылатынын растады.

Операциялық компанияның функцияларын бөлісу жағдайына тоқталған С. Мыңбаевтың айтуынша, «маңызы жағынан төмен функцияларды миноритарлық акционерлер, ал барлық ірі акционерлер салмағы басымдарын бөлісетін болады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар