Қашағанда 2013 жылдың 1 қазанында мұнай өндіру көлемі тәулігіне 450 мың баррельді құрауға тиіс - Мыңбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашағанда 2013 жылдың 1 қазанында мұнай өндіру көлемі тәулігіне 450 мың баррельді құрауға тиіс - Мыңбаев

Қашағанда 2013 жылдың 1 қазанында мұнай өндіру көлемі тәулігіне 450 мың баррельді құрауға тиіс - Мыңбаев

Алматы. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қашағанда 2013 жылдың 1 қазанында мұнай өндіру көлемі коммерциялық деңгейге көтеріліп, тәулігіне 450 мың баррельді құрауға тиіс. Бұл туралы ҚР ЭМРМ Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 19 Қыркүйек 2008
  • 504
Фото - Caravan.kz

«Бұл — ақырғы мерзім дегенге Қазақстан сенімді. Олай болмаған жағдайда компанияның ондаған миллиард долларға жеткен шығындарын еліміз өтемейтін болады. Инвесторлар ақшаны жақсы санайды және ондай жағдайға жол бермейді», — деді С. Мыңбаев.

БАҚ мәліметінше, 18 қыркүйекте С. Мыңбаев Атырау облысында болып , Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігін игеру жобасы бойынша оператор — Agip KCO компаниясының басты нысандарын аралады. Министр Қашаған кенішін тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасының бірінші кезеңінің жүзеге асырылу барысымен, мұнай мен газ тауар ретінде дайындалатын «Болашақ» зауытының құрылыс қарқынымен танысты. Ол жобаның экологиялық қауіпсіздігіне баса назар аударды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар