Caravan Logo

Қашағанда 2013 жылдың 1 қазанында мұнай өндіру көлемі тәулігіне 450 мың баррельді құрауға тиіс - Мыңбаев

Қашағанда 2013 жылдың 1 қазанында мұнай өндіру көлемі тәулігіне 450 мың баррельді құрауға тиіс - Мыңбаев

"Бұл - ақырғы мерзім дегенге Қазақстан сенімді. Олай болмаған жағдайда компанияның ондаған миллиард долларға жеткен шығындарын еліміз өтемейтін болады. Инвесторлар ақшаны жақсы санайды және ондай жағдайға жол бермейді", - деді С. Мыңбаев.

БАҚ мәліметінше, 18 қыркүйекте С. Мыңбаев Атырау облысында болып , Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігін игеру жобасы бойынша оператор - Agip KCO компаниясының басты нысандарын аралады. Министр Қашаған кенішін тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасының бірінші кезеңінің жүзеге асырылу барысымен, мұнай мен газ тауар ретінде дайындалатын "Болашақ" зауытының құрылыс қарқынымен танысты. Ол жобаның экологиялық қауіпсіздігіне баса назар аударды.