Қашағанда мұнай өндірісі 2016 жылдың соңына қарай қайта қолға алынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашағанда мұнай өндірісі 2016 жылдың соңына қарай қайта қолға алынбақ

Қашағанда мұнай өндірісі 2016 жылдың соңына қарай қайта қолға алынбақ

Қашағанда мұнай өндірісі 2016 жылдың соңына қарай қайта қолға алынбақ, деп хабарлады Энергетика министрі Владимир Школьник.

  • 7 Қазан 2014
  • 695
Фото - Caravan.kz

"Қашаған жобасына келер болсақ, оның операторы NCOС консорциуымы биыл сәуір айында кен орнындағы құбырларды толықтай ауыстыру керектігін растады.Демек, құбыр түгелдей ауыстырылып, мұнай өндіре бастау қазіргі жұмыс қарқынына орай жүріп отырса, 2016 жылдың соңына қарай қолға алынатын болар", деді В.Школьник Астанада сейсенбіде парламент мәжілісінде сөйлеген кезінде.

Кен орнын NCOC игеруде, оның акционерлері AgipCaspian Sea B.V. (16,81%), KMG Kashagan B.V. (16,88%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,81%), Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,56%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,81%), Total EP Kazakhstan (16,81%) және CNPC Kazakhstan B.V. (8,33%).