Қашағаннан коммерциялық мұнай шығарыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашағаннан коммерциялық мұнай шығарыла бастады

Қашағаннан коммерциялық мұнай шығарыла бастады

Қашаған кен орнынан мұнай өндіру көлемі қараша айында тәулігіне 75 мың баррельге дейін жетті.

  • 21 Қараша 2016
  • 458
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Мәжілісте өткен үкімет сағаты барысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2016 жылдың 28 қыркүйегінде Қашаған кен орнында қайтадан мұнай өндіріле бастады. 14 қазанда "ҚазТрансОйл" және КҚК (Каспий құбыр консорциумы) құбыр жүйесі арқылы тауарлық мұнайдың алғашқы партиясы жөнелтілді және "Интергаз Орталық Азия" газ құбыры арқылы тауарлық газ жеткізілді. Биыл 1 қарашада Қашаған жобасы коммерциялық мұнай шығару деңгейіне жетті, басқаша айтқанда, тәулігіне 75 мың баррельден асты", -деді Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, 2016 жылдың 19 қарашасында кен орнында 450 мың тонна мұнай шығарылды. Жыл соңына дейін 1,1 миллион тонна мұнай шығару жоспарланып отыр.