Қашағанның алғашқы мұнайы сәуір-мамыр айларында игеріледі
Қашағанның алғашқы мұнайы келесі жылдың сәуір-мамыр айларында игеріле бастайды. |
Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Сенатында «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.
Министрдің айтуынша, 2008 жылы қол қойылған шартқа сәйкес егер Қашағанның бірінші фазасы бойынша игерілетін мұнай мерзімі 2010 жылдың қазан айынан асқан болса, оның шығыстары республикалық бюджетке қайтарылмайтыны келісілген болатын. Бұдан бөлек Қашаған консорциумы мұнайды игерудің алғашқы фазасын ағымдағы жылғы желтоқсан айына жоспарлаған еді.
«Ал, биылғы қол қойылған шартқа сәйкес Қашаған бойынша келесі жылдың 1 маусымына дейін алғашқы мұнай игерілуі тиістігі көрсетілген. Біздің жоспарымызға сәйкес Қашаған жобасының алғашқы мұнайы маусым айынан ертерек, сәуір айына қарай болады деп болжаймыз. Оның көлемі жылына 13 млн. тоннаны құрайды. Ары қарай келесі фазаны жүзеге асыру барысында анықталады. Түйіндей келгенде Қашағанның алғашқы мұнайы келесі жылдың сәуір-мамыр айларында беріле бастайды деп сенеміз»,-деді С. Мыңбаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін