Қашағанның жасанды аралдары мұз қоршауында қалды
![]() |
Каспий теңізінің шельфінде Қашаған кен орнын зерттеу жүргізілетін болатын «D» және «А» жасанды аралдары мұз қоршауында қалды. |
Қалыптасқан жағдайда ауа райының қолайсыздығы себеп болды. «НКОК»-тың мүдделі тараптарымен жұмыс жөніндегі бас менеджері Ерікжан Есенғалиев мәлім еткендей, жаңа жылдың қарсаңында ауысымы аяқталған 300-ге жуық қызметкерді жерге көшіруге мүмкін болды. Аралда қалып қойғандар үшін азық-түліктер жеткізілді.
Жасанды аралдар мұзжарғыш типіндегі кемелер үшін әлі де қолжетімсіз. Қашағанда қанша адам қалып отырғандығы және олар қашан ауыстырылатындығы туралы ақпарат әзірге жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін