"Қашан Тайсон туып бересің?": Қазақтың қара нәсілді келіні елді таң қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қашан Тайсон туып бересің?": Қазақтың қара нәсілді келіні елді таң қалдырды

"Қашан Тайсон туып бересің?": Қазақтың қара нәсілді келіні елді таң қалдырды

Жас келіншек өзін аппақ келін деп атайды. Елдің түкпіріндегі қарапайым отбасынан шыққан жігітке үйленген сұлу қыздың есімі Лия.

  • 6 Желтоқсан 2021
  • 1395
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қыздың Тиктокта 30 мыңнан астам оқырмандары бар. Ол келін міндеттерін қуана орындайды: таң атпай ұйқыдан тұрып, ауланы сыпырып, шай қайнатады.

Лия орыс тілінде еркін сөйлейді. Алайда, TikTok-тағы видеоға қарағанда қазақ тілін де үйреніп жатыр.

-Кетші бар, ей,- деді ол мазасыз операторға.

Лия Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әйтей ауылында тұрады. Ол өзі түскен тату  отбасын , жаңадан пісірілген бауырсақтарды , тіпті құрт жасағанды ұнатады.


Алайда оқырмандар оған тыныштық бермей ащы пікірлер жазуда. Олар "Қазақ үшін Тайсонды қашан туасың?", "Мүмкін сен бірден сериал түсіресің", "Мүмкін сен жай ғана шымкенттік шығарсың?" деген мағынада.