"Қашпа, ат": Шығыс Қазақстанда түнде жаппай төбелес болды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қашпа, ат":  Шығыс Қазақстанда түнде жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

"Қашпа, ат": Шығыс Қазақстанда түнде жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Кадрдан сыртта бір топ адамның төбелесіп жүргенін көруге болады. Арасында қарудың дауысы естіледі

  • 24 Қараша 2021
  • 271
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласында болған жаппай төбелес сәтінен видео тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Видео сол маңнан өтіп бара жатқан көлік ішінен түсірілген. Кадрдан сыртта бір топ адамның төбелесіп жүргенін көруге болады. Арасында "қашпа", "ат", "тоқта" деген сөздер мен қарудың дауысы естіледі.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша 23 қарашада қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (адамдар тобы жасаған бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Шығын келтіру және дене жарақатын салу туралы арыз түскен жоқ. Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды", — деп хабарлады жергілікті полиция.


Шар – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы қала. 2019 жылғы мәлімет бойынша қалада 7 мыңға жуық адам тұрады.

 

Соңғы жаңалықтар