«Қашыңдар, өлтіремін»: Автобус жолаушыларын пышақпен қорқытқан сақалды ер адам елдің зәре-құтын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қашыңдар, өлтіремін»: Автобус жолаушыларын пышақпен қорқытқан сақалды ер адам елдің зәре-құтын алды

«Қашыңдар, өлтіремін»: Автобус жолаушыларын пышақпен қорқытқан сақалды ер адам елдің зәре-құтын алды

Алматыдағы автобустардың біріне сақалды ер адам пышақпен кіріп, ондағы жолаушыларды суық қаруымен ары-бері сермеп шошытты.

  • 1 Қыркүйек 2023
  • 47
Фото - Caravan.kz


Бір қызығы, ер адам бір автобусқа тек бір аялдамаға кірген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Белгілі болғандай, оқиға 30 тамыз күні болған. Жолаушылар жағдайды видеоға түсіріп те үлгерген. Онда қорыққан жолаушылардың жүргізушіден көлікті тоқтатуын сұрағанын көруге болады. Жүргізуші аялдамаға дейін тоқтай алмаған. Жолаушылардың бірі ер адамнан пышақты тартып алуға ұмтылған. Алайда одан нәтиже болмаған.

Автобус тоқтаған сәтте қолына суық қару ұстаған адам түсіп, көліктің дөңгелегін жаруға тырысқан. Алматы полицейлері күдіктінің кім екенін анықтаған. Бүгінде ол қаладағы психологиялық орталықта тіркеуде тұрғаны белгілі болды.