Қасиетті күні жиналған қаржы науқас баласын емдете алмай жүрген отбасыға тарту етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасиетті күні жиналған қаржы науқас баласын емдете алмай жүрген отбасыға тарту етілді

Қасиетті күні жиналған қаржы науқас баласын емдете алмай жүрген отбасыға тарту етілді

Күллі мұсылман ағайынның ұлық мерекесі Құрбан айт Өскеменде жылдағыдан өзгеше аталып өтілді. Бірер ай бұрын есігін ашқан жаңа мешітте алғашқы айт намазы оқылды. Парасатты пайым мен көңілге шуақ сыйлайтын бұл күні құрбандық шалынып, қасиетті күні жиналған қаржы науқас сәбилерін емдету үшін қаржы таппай қиналған отбасыға тарту етілді.

  • 27 Қазан 2012
  • 345
Фото - Caravan.kz

Екі жасар Темірлан сал ауруына шалдыққан. Церебральді параличь  сәбидің 3 айлығынан басталыпты. Сондықтан, баланың ата-анасы туа бітті бойында болмаған ауру қалайда жазылып кетер деген үміттерін үзбей келеді. Жуырда Темірлан анасымен Астанадағы сал ауруына шалдыққан балаларды бейімдеу орталығына аттанбақшы. Ол жерде жарты жылға созылатын жан-жақты тексеруден өтеді сәби.

Қуаныш Елшібаев, Жаңа Бұқтырма ауылының тұрғыны:

Құдайдан аман-есен жазылып кетсін деп тіледік. Құрбан айт күні көмектескен барлық адамдарға, мешітке рахмет.

Қаржы таппай қиналған отбасыға қол ұшын созған мешіт ұжымы алдағы уақытта да кішкентай Темірланға жан-жақты қолдау көрсетіп, бей-жай қалмаймыз деп отыр. 


Нұрлан қажы Асанов, облыстық мешіттің бас имамы:

Жақсылық жасауды тек қана бүгінгі күнмен шектемеу керек. Құрбан айтта мал шалдым, жақсылық жасадым  болды деу үлкен қателік. Ұзағынан жалғасу керек.

Жалпы бұл күні жаратқан үшін берген жарты дәннің өзі қапшықтап қайтады екен. Сондықтан құрбандық шалу үшін асыға келіп жатқандардың қарасы қалың болды. Алыс аудандардан облыс орталығына малын алдына салып сатуға келген саудагерлердің де асығы алшысынан түсіп тұр. Жас тоқтының бағасы қырық мыңнан асса да, лезде алушысын тауып жатты. Осылайша, бір күнде 3 мыңнан астам ұсақ мал құрбандыққа шалынып, тұрмысы төмен 300-дей отбасыға сойылған малдың еті үлестірілді.

Соңғы жаңалықтар