Қаскөйлер тастай қашқан бір отар қойды шекарашылар бағып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаскөйлер тастай қашқан бір отар қойды шекарашылар бағып жүр

Қаскөйлер тастай қашқан бір отар қойды шекарашылар бағып жүр

Оңтүстіктің шекарашылары шопандықты қатар алып жүр. Өзбекстаннан 800 бас қойды Қазақстанға қарай айдап өтпек болған  қаскөйлер өзін сарбаздардың байқап қойғанын сезген бетте малды тастап, із жасырып үлгерген.

  • 24 Қыркүйек 2014
  • 199
Фото - Caravan.kz


Қаскөйлердің қойды қуғаны сонша, шекараның сым темірлі қоршауын бұзып өткен. Ал иесіз қалған бір отар қойды «Сарыағаш» отрядына қарасты «Тамды» заставасының шекарашылары кезекпен бағып жүр. Әзірше, ұсақ жандықтың иесі табылған жоқ. Оның ұрланған болуы да әбден мүмкін. Төрт түліктің нақты қожайыны ақыры табылмаса, бір отар қой Қазақстан еншісіне өтеді.