Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Зооқорғаушылар әлеуметтік желілердегі парақшалардың бірінде терілер мен қасқырлардың сатылып жатқан хабарламасын көріп, сол мекен-жайға аттанған. Жер үйге келген бетте шошыған. Айналада қоқыс пакеттеріне салынған өлікселері шашылып жатқан. Волонтерлер оның бірін болса да аман алып қалу үшін оны 140 мың теңгеге сатып алыпты. Кадралрдан әбден қорыққанын көруге болады.
"Волчок, волк, ты че? Волк. Бедный! Ну все, не бойся! Тебя никто не обидит. Выходи давай, гуляй".
Белгілісі, қасқырды өлтіріп, оларды сатумен айналысқан адамда бұған еш рұқсат қағазы жоқ болып шықты. Олардың тек тері саудасымен ғана айналысуға құқығы болған. Қазір аталған оқиағаға қатысты полицейлер тергеу амалдарын жүргізуде. Кінәлілер заң алдында жасаған әрекеттері үшін жауап беретін болады.