«Қастандық деп күмәнданам, бір ақ дәрі салды». Белгілі журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қастандық деп күмәнданам, бір ақ дәрі салды». Белгілі журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды

«Қастандық деп күмәнданам, бір ақ дәрі салды». Белгілі журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды

Қоғам белсендісі әрі журналист Қуанық Шамахайұлының қайтыс болғанын жұбайы Айша Тұрмағанбетова өзінің Facebook-парақшасында жазды.

  • 29 Маусым 2020
  • 2020
Фото - Caravan.kz

Ол бірер сағат бұрын әлеуметтік желіде «Қуандықты өлтіріпті» деген бірнеше жазба  қалдырыпты. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Ал, Қуандық Шамахайұлы қайтыс боларынан бұрын өзіне қастандық жасалуы мүмкін екенін айтып, Facebook-тегі парақшасында пост жазып үлгерген. Ол Нұр-сұлтан қаласындағы №1 ауруханада коронавирустан емделіп жатқан болатын. 

"Астанадағы Бірінші клиникадағы КВИ 1-палатада емделіп жатырмын. Кешеден бері дəрігерлер ковид тексеріс жасаймыз десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім сағат 2 ..00-де Дəрігер мен медик жігіт келіп қағазға қол қойдырды да кетті. Сəлден кейін меджігіт келіп аузыма бір ақ дəрі салды да су ішкізді. Менен басқасына бермеген. Не зат десесем вирустан сақтайды дейді. Қастандық шығар деп күмəндімін. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Əрекеттері күмəнді. Ештеңе түсіндірмейді" делінген facebook-тегі жеке парақшасындағы жазбада.


Ал Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасы да Қуандық Шамахайұлының қайтыс болғанын растады. Қазіргі кезде ресми ақпарат әзірленіп жатыр, деп жазды sputniknews.kz

Қуандық Шамахайұлы Моңғолияда туып өскен. Моңғолия мемлекеттік университетінде журналистика бойынша жоғары білім алған. 1983 жылдан бастап әдеби ортаға көркем аударма арқылы танылды. Шығармаларын қазақ және моңғол тілдерінде жазды.

1993 жылы тарихи Отаны — Қазақстанға көшіп келген. Елдегі бірнеше жетекші университеттерде дәріс берді, газет-журналдарда бас редактор болды. АҚШ, Жапония, Колумбия, Канада, Швейцария, Қытай, Ресей, Моңғолия жазушыларының таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аударды. "Алтын көпір" халықаралық конкурсында жеңімпаз атанды.

 

Соңғы жаңалықтар