Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына арналған пошта маркасы шығарылды
![]() |
Бүгіннен бастап елімізде қазақтың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына арналған пошта маркасы айналымға шықты. |
Қасым Аманжолов - қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды. Қ.Аманжолов - көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, батыс пен шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне аударды. Оның көптеген шығармалары мен әндері халық арасында танымалдылыққа ие болып, қазақ мәдениетінің алтын қорына енген.
Маркада Қасым Аманжоловтың портреті бейнеленген. Суретшісі - Николай Соколов. Марканың жалпы тиражы 30 мың дана, көлемі- 33 х 27,5 мм. Марка «Беларусь баспа үйі» баспаханасында басылған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін