Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына арналған пошта маркасы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына арналған пошта маркасы шығарылды

Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына арналған пошта маркасы шығарылды

Бүгіннен бастап елімізде қазақтың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына арналған пошта маркасы айналымға шықты.

  • 14 Шiлде 2011
  • 947
Фото - Caravan.kz

Қасым Аманжолов — қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды. Қ.Аманжолов — көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, батыс пен шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне аударды. Оның көптеген шығармалары мен әндері халық арасында танымалдылыққа ие болып, қазақ мәдениетінің алтын қорына енген.

Маркада Қасым Аманжоловтың портреті бейнеленген. Суретшісі — Николай Соколов. Марканың жалпы тиражы 30 мың дана, көлемі- 33 х 27,5 мм. Марка «Беларусь баспа үйі» баспаханасында басылған.

Соңғы жаңалықтар