"Қасым хан" туралы фильмнің сценарийі қолды болғаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қасым хан" туралы фильмнің сценарийі қолды болғаны рас па?

"Қасым хан" туралы фильмнің сценарийі қолды болғаны рас па?

Түрік режиссері түсіріп жатқан қазақ ханы туралы сериалға 11 млрд теңге жұмсалады.

  • 19 Қыркүйек 2019
  • 59
Фото - Caravan.kz

Ал белгілі жазушы Смағұл Елубаев "Қасым хан" туралы фильмнің сценарийі ұрланды деп отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

«Ертұғрылды» түсірген түрік режиссері М. Гюнай Смағұл Елубаевтің  "Қасым хан" туралы 1 сериялы прокаттық фильм негізінде 75 сериялы сериал жазып шығып, түсіруді бастап кетіпті. Ал әу бастағы автор елеусіз қалдырылған. 

Бұл жағдайды жазушының өзі еліміздің Мәдениет және спорт министріне жазып,  шағымданды.

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлова ханымға!

Құрметті Ақтоты Рахметоллақызы!

Мен, кинодраматрург С. Елубаев 2017-18 жылдары Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен қазақтың ұлы ханы Қасым хан туралы материал жинап 1 сериялық прокаттық көркем фильм сценарийін жаздым. Елбасы біз жазған сценарийді қатты ұнатып сол кездегі министр Арыстанбек Мұхамедиұлына «Ертұғрылды» түсірген түрік режиссері М. Гюнайды шақыруды тапсырды. Гюнай біз жазған сценариймен танысып ұнатты. Бізбен және министрмен кездесуінде бір сериялы прокаттық фильм жасауға келісті. Алайда Гюнайдың Президентпен кездесуі үстінде сериал идеясы пайда болыпты. Бірақ, сериалға бізді шақырмады. Сөйтсек сценарийді Гюнайдың өзі жазуға кіріскен. Қазақстан тарапынан Б. Шекеров шақырылды. Біз сөйтіп бұл жобадан тыс қалдық. Сөйтіп, Елбасы ұнатқан біз жазған «Қасым хан» далада қалды. «Ең болмаса Елубаевтың бір жылдық еңбегін төлейік!» деген бір адам болмады. Кәзір, режиссер Гюнай өзі жазған 75 сериялық сценарий бойынша Оңтүстік Қазақстанда сериалды түсіруге кіріскен дейді. Біз бір нәрсеге таң қаламыз. Гюнай жазған сценарий неге «Қазақфильмнің» Эксперттік Кеңесін айналып өтті? 11 миллиард Қазақтан ақшасына түсіріле бастаған қазақтың ұлы ханы туралы сценарий неге қоғамдық пікірден тасада /келейно/ шешілді? Неге еш жерде талқыланбады? Немесе, кімдер талқылады? Бәрі құпия. Бәрі астыртын. Бұл кино тарихында болмаған практика. Сондықтан мен Қасым хан тағдырына алаңдап Сізге осы хатты жаздым. Сценарист, режиссер, актер шетелден шақырылып 30 миллион долларға түсірілген «Көшпенділер» тағдыры Қазақстанға титтей де бір сабақ болмаған тәрізді. Режиссері, сценаристі, т.б. түріктер «Қасым хан» тағдыры да сол «Көшпенділер» тағдырын қайталамасына кім кепіл? Қашанға дейін қазаққа қазақ тарихын экранда шетелдіктер үйретіп жүруге тиіс?! Ертең экраннан қазақ емес басқа Қасым ханды көріп түгел Қазақстан шулап кетпесіне кім кепіл? «Бұған кім кінәлі?» деп сұрамасына кім кепіл? Ең қиыны ертең осы жобаның жаманатына Елбасы мен Сіз қалмауларыңыз үшін Гюнай жазған «Қасым хан» сценарийін дереу киностудияның Эксперттер Кеңесінің талқысына салу керек деп білемін!

Құрметпен Смағұл Елубаев