Қасымов бүкіл полицияны қызметінен босатып, жаңадан кадр іріктеуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасымов бүкіл полицияны қызметінен босатып, жаңадан кадр іріктеуге дайын

Қасымов бүкіл полицияны қызметінен босатып, жаңадан кадр іріктеуге дайын

Қазақстан полициясынан жоғары нәтиже күту үшін жоғары жалақымен, техникамен қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Жол қозғалысы саласындағы құқықтық реттеудің жай-күйі мен проблемалары» тақырыбындағы парламенттік тыңдау барысында еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 21 Қазан 2016
  • 6019
Фото - Caravan.kz

Парламенттік тыңдау барысында сенатор Сергей Ершов министрден жол полициясы арасындағы жемқорлықтың жоғары екендігін айтып, оны төмендету үшін қандай шаралар қолға алынатындығын сұраған еді.

«Қазір біз Грузияда жемқорлықпен күрес жақсы жүргізіліп жатқандығы жайында жиі оқитын болдық. Сіздер тарапынан Грузия тәжірибесі зерделенді ме және ол қызықты ма әрі бізде де қолдануға бола ма?» — деді сенатор Қасымовқа қарата.

«Грузияға біздің қызметкерлер бірнеше мәрте барды, барлық қызметтер комиссия болып та барып қайтты. Ол жақтағылар полиция қызметкерлерінің бәрін жұмыстан шығарып жіберіп, айлықты 2 есе көтерген. Содан кейін жаңадан жұмысқа алған. Мархабат. Біз мұндай қадамға баруға дайынбыз», — деді министр.

Сонымен қатар ол Қазақстан полициясын Германиядағыдай, Америкадағыдай жасау қажет деген пікірдің жиі айтылатындығын атап өтті.


«Біз бұл тәжірибелердің барлығын зерделедік. Меніңше, германиялық, америкалық полицейлердікіндей жалақы, техникамен және мүмкіншіліктермен қамтамасыз етер болсақ, онда бізде дәл сондай нәтижеге қол жеткізе аламыз», — деді Қасымов.