Білімі жоғары, 1979 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде "заңгер" мамандығын тәмамдаған. Полиция генерал-полковнигі.
1979 жылы — тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің басшысы, Алматы облысы ішкі істер басқармасының Іле аудандық ІІБ басшысының орынбасары.
1988 жылы — Алматы облысы ІІБ қоғамдық тәртіп күзеті бөлімінің басшысы.
1989 жылдан — Алматы облыстық ІІБ Қапшағай ішкі істер бөлімінің басшысы.
1992 жылдан — Криминалдық милиция басқармасының басшысы, Алматы облыстық ІІБ басшысының орынбасары.
1997 жылы наурыз-шілде — ІІМ криминалдық полиция департаментінің басшысы.
1997-2003 жылдары — Алматы қалалық Бас ішкі істер басқармасының басшысы.
2003-2005 жылдары — Бас ішкі істер басқармасының, Алматы облысы ішкі істер департаментің басшысы.
2005-2009 жылдары — бірінші вице-министр, ҚР ішкі істер вице-министрі.
2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басшысы. Министр қызметіне 2011 жылы сәуірде келді.
2011 жылы 14 желтоқсанда оған полиция генерал-лейтенанты шені берілді, ал 2015 жылы мамырда полиция генерал-полковнигі берілді.